Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«Қазақстан» жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«Қазақстан» жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Қазақстан” жалпы орта білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 2003 жылдың 25 тамыз күні Түркістан облысы Төлеби ауданы Қазақстан ауылы Жумжаев 8/Б көшесінде іргетасы қаланған білім ордасы болып табылады. Мектеп құрылысы 2003–2004 жылдары жүргізіліп, 2004 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілді. Мектеп 300 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мектебіміз жаңаланып, екінші корпус қосылып салынды. 
Мектеп жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта мектеп бір ауысымда жұмыс істейді.
2025–2026 оқу жылында мектепте 304 оқушы және МАД тобында 13 оқушы білім алуда.
Сынып-комплект саны – 20/1
Мектебімізде сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар ұстанған, шығармашылық пен жаңашылдыққа ұмтылатын білікті педагогтер қызмет етеді. Қазіргі таңда білім ордамызда 40 жоғары білімді ұстаз шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуде. Ұстаздар қауымы оқушылардың білімді, тәрбиелі, жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ерекше мән береді.
Педагогтердің кәсіби әлеуеті де жоғары деңгейде. Атап айтқанда, мектепте 13 педагог-зерттеуші, 8 педагог-сарапшы және 15 педагог-модератор еңбек етеді. Сонымен қатар, 6 мұғалім магистр дәрежесіне ие. Бұл – ұстаздарымыздың үздіксіз ізденіс пен кәсіби дамуға деген құштарлығының айқын көрінісі.
Мектеп ұжымы креативті ойлау мен жан-жақтылықты басты құндылықтардың бірі ретінде бағалайды. Педагогтер білім беру үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Мектепте оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық база қалыптасқан. Білім алушылардың сапалы білім алуына жағдай жасалып, оқу кабинеттері заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мектепте оқушылардың жан-жақты дамуына арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, білім беру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Білімге құштар, ізденімпаз оқушыларымыз түрлі пәндік байқаулар мен шығармашылық, спорттық жарыстарда белсенділік танытып, мектеп мерейін асқақтатуда. Ұстаз бен оқушы арасындағы өзара ынтымақтастық пен сенім – мектептің басты жетістіктерінің бірі.
Бүгінде “Қазақстан” жалпы білім беретін мектебі – сапалы білім мен саналы тәрбие беретін, шәкірттерге жарқын болашаққа жол ашып отырған білім ордасы. Себебі, бүгінгі таңда еліміздің түкпір түкпірінде, сонымен қатар мұхиттың арғы жағында, әлемнің әр бұрышында осы мектептен білім алып, түлеп ұшқан түлектеріміз қызмет етуде.